Сұлтанов ЕЭК кеңесіндегі Қазақстан өкілі болып бекітілді
Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесінде Қазақстанның өкілі болады. Бұл туралы комиссия сайтында хабарланды.
"Сауда және интеграция министрі, вице-премьер Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесінде Қазақстанның өкілі болады. Еуразиялық экономикалық комиссияға тиісті бұйрық келіп түсті", - делінген хабарламада.
Бақыт Сұлтанов 2016 жылғы маусымнан бастап сауда және интеграция министрі, ал 11 қаңтардан бастап вице-премьер міндетін қоса атқарады.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
31 мамыр 2022 11:26
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ