ШҚО-да 113 адам қаржы пирамидасына алданған
Шығыс Қазақстан облысында қаржы пирамидасын құру күдігімен 3 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалуда, - деп хабарлайды Taunews.kz.
Облыс бойынша Экономикалық тергеу департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер WhatsApp мессенджері арқылы топтар құрып, тұрғындарға алғашқы жарнаға ақша құю арқылы мол табысқа кенелуге болатындығын айтып, сенімдеріне кірген.
«Олар «100 мың теңге салсаңыз, ақшаңызды екі айдың ішінде 200 мың теңге қылып қайтарамыз» деп уәде берген. Қазіргі уақытта алданып шығынға батқан 113 жәбірленуші анықталып отыр. Қаржы пирамидасының жүйесі бойынша алғашқы болып кіргендер ғана пайыздық үстеме алған. Кейінгілердің салған қаражаты мүлде қайтарылмады», - делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық кодексінің 217 бабына сәйкес осындай заңбұзушылық жасағандар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ