Тоқаев АЭС туралы: таза атом энергиясы болмаса бүкіл экономикамызды жоғалтамыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр станциясының құрылысына қатысты өз ойын айтты.
"Еліміздің энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін шұғыл шешуіміз керек. Мен бір нәрсені түсінбеймін. Неге кейбір жауапты тұлғалар атом электр станциясының құрылысына қатысты сұрақтан дипломатиялық түрде қашып отырады? Оны ашық айтуымыз керек. Таза атом энергиясы болмаса, біз инвестицияларды былай қойғанда бүкіл экономикамызды жоғалтамыз", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президенттің айтуынша, энергия болмаса, Қазақстан аймақтық көшбасшылықтан да айырылады.
"Бізге электр энергиясы, соның ішінде таза атом энергиясы ауадай қажет. Экономикалық мәселелерді білмейтін популистердің жетегінде кетпеу керек. Кәсіби тұрғыда атом энергетикасының пайдасын түсіндірген жөн", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ