Тоқаев: Біздің "ашық есік" инвестициялық саясатымыз өзгермейді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында мемлекеттің халықаралық қарым-қатынасына қатысты бірнеше тезис жариялады.
"Қазақстан халықаралық қоғамдастықпен жан-жақты ынтымақтастыққа әрқашан дайын. Еліміз бен халқымыздың игілігі үшін серіктестерімізбен арадағы тығыз байланыстарды нығайту ісін жалғастырамыз. Біздің "ашық есік" инвестициялық саясатымыз да өзгермейді", - деп жазды ол.
24 қаңтарда Тоқаев Татарстан басшысы Рустам Миннихановпен кездесті. Олар сауда-экономика, өнеркәсіп және технология салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Қазақстан президенті Татарстанның Қазақстанмен экономикалық, өнеркәсіптік және технологиялық ынтымақтастық бойынша Ресей Федерациясы субъектілері арасында көш бастап тұрғанын атап өтті. 2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Татарстанмен өзара тауар айналымы 423 миллион доллар болған.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ