присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды

28 қаңтар 2022 15:42
Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Nur Otan" партиясының төрағасы болып сайланды.

"Партияның кезектен тыс XXI съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан "Nur Otan" партиясының төрағасы болып сайланды", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі Twitter-де.
Тоқаев Nur Otan партиясына төрағалық ету аса жауапты жұмыс екенін айтты.

"Осы міндетті атқаруды маған ұсынып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін" - деді ол.

Тоқаевты партия төрағалығына сайлау туралы ұсынысты тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев енгізді.

Айта кетері, елордада Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI Съезі жұмысын бастады. Оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысып отыр.

Съезге бейнеконференция режимінде ел басшылығы, саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиалдардың өкілдері, депутаттар мен үкімет мүшелері қосылды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру