присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Төреші Ұлыбритания Лордтары болатындай ағылшын құқығынан тәжірибені қай жерден алуға болады

21 қазан 2022 17:19
Төреші Ұлыбритания Лордтары болатындай ағылшын құқығынан тәжірибені қай жерден алуға болады

М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің командасы екінші рет AIFC AIFC Moot Court competition жеңімпазы атанды!

AIFC Moot Court competition – Астана халықаралық қаржы орталығының соты жыл сайын өткізетін Орталық Азия аймағындағы беделді халықаралық жобаларының бірі. Студенттеріміз Ұлыбритания лордтары, Қазақстан және Орталық Азияның үздік заңгерлері төрелік еткен, ағылшын құқығы бойынша ойын форматында өтетін + сот процесіне қатысты. Бұл бес жылдық тарихы бар, ортасына беделді білім ордалардың студенттерін біріктіретін жоба.

Құрамында Алан Ибрашев, Абай Саян, Жасмин Битебай, Бақдәулет Әмірханов және Әнуар Сапаров бар КАЗГЮУ командасы Каспий және KIMEP университеттер командаларымен алдын ала кезеңдерді ойнап, жарыстың финалына шықты. Финалға қатысатын он команданы қазылар алқасы бәсекелік сайыстың негізінде анықтады. Финалда студенттер тағы да Каспий университетінің командасымен кездесіп, білімі, біліктілігі мен құзыреттіліктің арқасына жеңіске жетті. Байқаудың үздік спикері атағына КАЗГЮУ студенті Алан Ибрашев ие болды. Команданы КАЗГЮУ-дың Adjunct Assistant Professor КАЗГЮУ Арман Шайкенов және Founding Principal в Shaikenov Law Experts Уәлихан Шайкенов дайындады.

Жобаға қатысушылардың барлығы Астана халықаралық қаржы орталығының Сотында тәжірибе алуға мүмкіндік алды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру