присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Жанар Жарылғасова Энергетика министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды

28 қаңтар 2022 13:00
Жанар Жарылғасова Энергетика министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды

ҚР энергетика министрінің бұйрығымен Жанар Шайқықызы Жарылғасова Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Жанар Жарылғасова 1973 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келген. Ш. Есенов атындағы Ақтау политехникалық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Ұлттық басқару мектебін (Франция) бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-дың «Отын және көмірсутекті металдардың химиялық технологиясы» кафедрасының жетекші инженері қызметінен бастады.
2000-2008 жылдары Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.
2008-2010 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік және энергетикалық қадағалау комитетінің лицензиялау, лицензиялық бақылау және заңдық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы. 
2010-2014 жылдары — ҚР Мұнай және газ министрлігінің басқармаларында түрлі лауазымдарды атқарды.
2014-2020 жылдары — ҚР Энергетика министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 
2020 жылғы қаңтар айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру