Қазақстанда 3,5 млн адам экономиканың өнімділігі төмен секторларында жұмыс істейді
Қазақстанда 3,5 млн адам экономиканың өнімділігі төмен секторларында жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов айтты .
«Еңбек нарығына ағымдағы талдау бүгінде сұраныс тарапынан еңбек өнімділігін арттыруға және экономиканың өнімділігі жоғары секторларына мүмкіндік бар екендігін көрсетіп отыр. Бұған мыналар дәлел. Біріншіден, бүгінде жұмыспен қамтылғандардың 40 пайызы немесе 3,5 млн адам экономиканың өнімділігі төмен секторларында жұмыс істейді. Бұл салалардың тиісінше жалақысы да төмен. Осы салаларда еңбек өнімділігін арттыруға және жұмыскерлерді экономиканың өнімділігі төмен секторларына өнімділігі барынша жоғары секторларына ауысуын қамтамасыз етуге мүмкін бар екендігін білдіреді», - деді вице-министр Мәжілісте жұмыскерлерді қайта оқыту және олардың дағдыларын тұрақты жетілдіру жөніндегі жаңа тәсілдерге арналған дөңгелек үстел отырысы барысында.
Екіншіден, оның атап өтуінше, еңбек нарығында қосымша сұраныс бар.
«Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерде жұмыс орындарын құру жөніндегі көрсеткіш 1 кіші кәсіпорынға 7,6 жұмыс орнын құру арқылы қол жеткізу жол қойылған. Ал біздің көрсеткіш 2,5 жұмыс орны немесе 3 есе төмен. Біздің кіші кәсіпорындарда жұмыс орны аз қамтылған немесе бұл келісімшарт жасамай, заңсыз түрде жүргізіліп жатыр. Үшіншіден, ЭЫДҰ бағалауына сәйкес, Қазақстандағы жұмыс орындарының 52 пайызы автоматтандыру тәуекеліне душар. Демек, жұмыс орындары барынша технологиялы және өнімді болады», - деді ол.
Вице-министр төртіншіден, бүгінде жұмыс орындарының құрылымы өзгеріп жатқанын айтады.
«Толық жұмыспен қамтылу, жалдау бойынша дәстүрлі жұмыс қысқаруда. ЭЫДҰ-ға мүше елдердің орташа есеппен жұмыспен қамтылғандардың 17 пайызы жұмыспен қамтудың икемді нысандары бойынша жұмыс істеуге, жұмыс орнына және жұмыс уақытына тәуелді емес. Біздің көрсеткіш 5 пайыз немесе 3 есе аз», - деді Ержан Біржанов.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ