присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстанның барлық өңірлерінде космомониторинг іске қосылады

30 желтоқсан 2020 16:33
Қазақстанның барлық өңірлерінде космомониторинг іске қосылады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде ауыл шаруашылығы жерлерінің космомониторингін енгізу үшін заңнамалық база дайындағанын және пайдаланылмайтын жерлерге салық мөлшерлемесі 20 есеге артқанын айтты. 

Бұл пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау процесін едәуір жеделдетті. 2020 жылы 8 млн-дай пайдаланылмаған гектар анықталды, бұл – 2016, 2017 және 2018 жылдары атқарылған жұмыс көрсеткішінен жарты миллионға артық.    

«Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында барлық дайындық жұмыстарын аяқтап, 2020 жылы бірқатар облыстарда жерді космомониторингтеу бойынша пилоттық жоба енгізуді тапсырған болатын. Аталмыш тапсырмаға сәйкес космомониторинг бойынша сынақ жобасы Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жүзеге асырылды. Бұл аймақтар кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі дәл осы аймақтардан жер пайдалану саласы бойынша ең көп шағымдар келіп түскен еді», - деді ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы Г.Бимендина. ⠀   

«4 өңірде 8,3 млн. га пайдаланылмайтын жер анықталды. Оның ішінде 0,7 млн га – егістік және 7,6 млн га – жайылымдық жерлер. Мемлекеттің меншігіне 4,2 млн. га жер қайтарылды, 4,8 млн. га жер ауыл шаруашылығы айналымына тартылды. Бұл жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылаудың күшейтілгенін, сондай-ақ, қабылданып жатқан шаралардың қатаңдатылғанын көрсетеді», - деп толықтырды Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы. ⠀   

2020 жылдың желтоқсанында пилоттық жоба өз жұмысын аяқтады. Сынама сәтті болғандықтан, Үкімет 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап бүкіл республика аумағында «космомониторингті» енгізу туралы шешім қабылдады.    

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру