присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Негізгі капиталға 9,4 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды

10 қараша 2020 09:15
Негізгі капиталға 9,4 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды

Ағымдағы жылдың 10 айында негізгі капиталға 9,4 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 10 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды Taunews.kz.

«Негізгі капиталға 9,4 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды. 13 өңір өсу көрсетті. Оның ішінде ең жоғары көрсеткіштер Түркістан облысында және Шымкент қаласында байқалып отыр. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Олар: Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда және Қарағанды облыстары», - деді министр.

Баяндамада құрылыс секторы серпінді өсуді көрсетіп отырғаны айтылды. Орындалған жұмыстардың көлемі 10,7 пайызға өскен. Белсенді құрылыс жұмыстары Түркістан облысында және Шымкент қаласында байқалады. Сонымен қоса, 10,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,7 пайызға көп.

Сонымен қатар, Руслан Дәленовтың айтуынша 5 көрсеткіш бойынша 9 өңірде өсу байқалған. Олар: Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы. Сондай-ақ, 6 өңірде 3-4 көрсеткіш бойынша өсу тіркелді. Бұл орташа деңгей болып саналады. 2 өңірде 2 көрсеткіш бойынша ғана өсу байқалған. Олар: Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру