Премьер-министр зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Taunews.kz
"Қазіргі экономикалық жағдайды, халықаралық тәжірибені, экономикалық және екі демографиялық фактор негізіндегі болжамдарды ескерсек, зейнет жасын ұзарту қажеттілік болып тұр. Сондай-ақ, зейнеткерлер санының жұмыспен қамтылған халықпен ара қатынасы өсіп жатқанын ескеру керек. Егер 2010 жылы бір зейнеткерге орташа есеппен 4,8 адам жұмыс істейтін болса, 2015 жылы ол көрсеткіш 4,3 болды, ал былтыр 2019 жылы 3,9 болды", - деді Асқар Мамин.
Халықаралық тәжірибе қарт адамдардың үлесі көбейгенін көрсетіп отыр. Соған сәйкес, премьер-министр қазақстандықтардың зейнет жасын ұзарту керек екенін айтты.
Еске сала кетейік, жақында Қазақстанда зейнет жасын төмендету ұсынылған еді. Мәжіліс депутаттары Қазақстанда ерлер мен әйелдердің зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендетуді ұсынған болатын.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ