присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ерұлан Жамаубаев: «Өңірлерде 24 млрд теңге игерілмей жатыр»

10 қараша 2020 09:45
Ерұлан Жамаубаев: «Өңірлерде 24 млрд теңге игерілмей жатыр»

Қазақстанда бөлінген қаражатты игере алмай жатқан министрліктер мен өңірлер белгілі болды, - деп хабарлайды Taunews.kz. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша ірі сомадағы қаражатты игере алмау ірі сомасы мынадай орталық мемлекеттік органдарда қалыптасқан: Қаржы министрлігі – 2 млрд теңге, Ауыл шаруашылығы министрлігі – 1,9 млрд теңге, Әділет министрлігі – 1,6 млрд теңге, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі – 1,2 млрд теңге, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі – 1,1 млрд теңге.

«Қаражаттың игерілмеуінің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді, шарттарды жасасу рәсімдерін ұзақ өткізу, орындалған жұмыстар актілерін ұсынбау, сотта мемлекеттің мүддесін қорғау жөніндегі талап-арыз жұмыстарының жүргізілуі, нақты көрсетілген қызметтер көлемі, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеудің созылуы», - деді ол.

Сондай-ақ, Жамаубаев өңірлерде тағы 24 млрд теңге игерілмей жатқанын айтты. Қаражатты игермеудің ең жоғары көрсеткіші мына өңірлерде қалыптасқан: Ақтөбе облысында – 3,2 млрд теңге, Алматы қаласында – 3 млрд теңге, Солтүстік Қазақстан – 2,5 млрд теңге, Батыс Қазақстан – 2,3 млрд теңге, Түркістан облыстарында – 1,9 млрд теңге.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру