Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры жеткілікті
Елімізде 700 мың тоннадан астам азық-түлік қоры бар. Қоймалар мен элеваторларда 400 миллионнан астам тауық жұмыртқасы мен 2 миллион тонна бидай сақталған. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұрбек Дайырбеков, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, -деп хабарлайды Taunews.kz.
«Ағымдағы жылдың 24 шілдесіндегі жағдай бойынша республикада 713,8 мың тонна азық-түлік қоры бар, оның ішінде тұрақтандыру қорларында 34 мың тонна, өндіріс кәсіпорындарында 210 мың тонна, қоймаларда 155 мың тонна, ал бөлшек сауда желілерінде - 315 мың тоннадан астам.
Бұдан өзге 402 миллионнан астам жұмыртқа және 2,1 миллион тонна азық-түлік бидайы бар», - деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұрбек Дайырбеков.
Сондай-ақ, ол Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлерді 32 түрлі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуді бақылауға алғанын атап өтті. Вице-министрдің айтуынша, тез бұзылатын өнімдердің қоры бір аптаға, ал жарамдылық мерзімі ұзақ тауарларды сақтауды қамтамасыз ету бірнеше айға дейін созылады.
«Айта кету керек, азық-түлік өндірісі жаңа өнім жинау есебінен артып, қор үнемі жаңарып, толықтырылып отырады. Сондықтан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тапшылығы сезілмейді және күтілмейді. 2020 жылдың қаңтар-маусым айларында тамақ өнімдерін өндіру көлемі ақшалай түрде 904 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,4% -ға көп », - деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат, қияр, қызанақ жинау жұмыстары жүріп жатыр.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ