присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстандық және ресейлік вакцинаның бағасы қандай болады?

28 желтоқсан 2020 16:46
Қазақстандық және ресейлік вакцинаның бағасы қандай болады?

Бұл сұрақ орталық коммуникациялар алаңында Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдеріне қойылды, деп хабарлайды Taunews.kz.

«Ресейлік әріптестердің ақпараты бойынша, әлемде және РФ-да «Спутник V» вакцинасының, яғни қоскомпонентті вакцинаның бір дозасының құны - 20 АҚШ доллары», - деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның бағасы жөнінде: «Қазір зерттеу жүріп жатқандықтан, біз бұл сұрақтың жауабын сол вакцинаны әзірлеп жатқан мамандардан келесі жылдың қаңтар немесе ақпан айында аламыз. Бұл сұрақтың толыққанды жауабын Білім және ғылым министрлігі бере алады», - деді Марат Шоранов.

«Спутник V» вакцинасы 2020 жылғы 24 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 21 қаңтарға дейін Н.Ф. Гамалей атындағы ЭМҒЗИ-да сапаны бақылау процесінен өтеді. Тексеру сәтті өткен жағдайда 2021 жылғы 26 қаңтардан 11 ақпанға дейін препаратты Қазақстан Республикасында тіркеу жоспарланып отыр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру