присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстанның экономикасы тұрақты өсуде

29 шілде 2020 16:45
Қазақстанның экономикасы тұрақты өсуде
Қазақстан экономикасының нақты секторы әлемдік экономиканың бәсеңдеуіне қарамастан тұрақты өсуді көрсетуде. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, -деп хабарлайды Taunews.kz. 
 
«Қазақстан, әлемнің барлық елдері сияқты, коронавирустық пандемиядан болатын жағымсыз салдарлардың тоғысуы аясында іскерлік белсенділіктің төмендеуін бастан кешіруде. Қызмет көрсету саласы ең көп зардап шегіп, 2020 жылғы 6 айда 5,6%-ға төмендеді. Сонымен бірге экономиканың нақты секторында тұрақты өсу байқалады. Тауар өндіру 4,1%-ға өсті», - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.
 
Сондай-ақ, ол негізгі драйверлер  құрылыс пен өңдеу өнеркәсібі саласы екенін атап өтті. Құрылыс 11,2% -ға   өңдеу өнеркәсібі 4,8% -ға өскен. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім автомобиль жасау (46%), фармацевтика (24%), дайын металл өнімдерін өндіру (20%), жеңіл өнеркәсіп (8%), резеңке және пластмасса бұйымдары (8%)) және қағаз (15%) өндірісі есебінен қамтамасыз етілді.
0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру