Елімізде 800 млрд. теңгеге бизнес-жобалар қаржыландырылды
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте кәсіпкерлікті қолдау аясында 2020 жылы 800 млрд. теңгеден асатын қаражатқа бизнес-жобалар қаржыландырылғанын айтты, -деп хабарлайды Taunews.kz.
«Жалпы төрт бағдарлама шеңберінде жыл басынан бері 864 млрд теңгеге 11 мыңнан астам жоба қаржыландырылды. Бүгінгі таңда 660 млрд. теңгенің 3 259 жобасы қарастырылуда», - деді Руслан Дәленов.
Руслан Дәленов елімізде төтенше жағдай режімінің енгізілуіне орай, экономиканы тұрақтандыру бойынша шұғыл жедел шаралар қабылданғанын еске салды.
«Бұл шаралардың шеңберінде ШОБ-ты жеңілдікпен кредиттеу құралдары кеңейтіліп, ал кредиттеу 1 трлн.теңгеге артты. Бұл, атап айтқанда, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қосымша 400 млрд.теңге және Ұлттық банк арқылы берілетін 600 млрд.теңге.
«Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша салалар ауқымы едәуір кеңейді. Қарыз алушылар үшін соңғы мөлшерлеме - 6% «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 5 216 жоба жүзеге асырылып, 22,9 млрд теңге кредит берілді. Жыл басынан бері «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 382 млрд.теңгенің 1500-ге жуық жобасы қаржыландырылды», - деп атап өтті Ұлттық экономика министрі.
Сонымен бірге, Ұлттық Банк салалық шектеулерсіз, оның ішінде жеке кәсіпкерлер үшін 600 млрд. теңгеге шағын және орта бизнесті жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасын іске қосты. Жыл басынан бері аталған бағдарлама бойынша 347 млрд.теңгеге 2 570 жоба қаржыландырылған.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ