присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Әкімнің резиденциясы балалар орталығына айналды

09 қараша 2022 14:22
Әкімнің резиденциясы балалар орталығына айналды

Жаркент қаласында орналасқан облыс әкімінің бұрынғы резиденциясы балаларды оңалту орталығы болып қайта құрылды. Бұл туралы Жетісу облысының әкімдігі хабарлады.

Осы жылдың наурыз айында облыстың бұрынғы әкімі Қанат Бозымбаев Жаркент қаласындағы резиденцияны балалардың қажеттіліктеріне пайдалануды тапсырды. Ғимаратты қайта жөндеуге 80 млн теңге жұмсалды. Бір қабатты ғимараттың көлемі – 910 шаршы метр. Ол 1 гектар жер учаскесінде орналасқан. Енді жаңа оңалту орталығы монтесорри, сенсорлық, физиотерапия, емдік дене шынықтыру, дефектолог және логопед, гидромассаж және массаж, емшара кабинеттерімен, акт залымен және еңбекке оқыту бөлмесімен жасақталған, – делінген хабарламада.

Бұл мәселе облыстың бұрынғы әкімінің Панфилов ауданы тұрғындарымен кездесуінен кейін шешілді. Сол кезде ол ғимарат пен учаскені мүгедектігі бар балалардың өмірі мен денсаулығы үшін күресуге көмектесетін маңызды нысанға айналдыру керектігін айтқан еді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру