присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

ҰҚК Қырғызстанмен шекарадағы көлік кептелісіне қатысты пікір білдірді

20 қараша 2023 16:52
ҰҚК Қырғызстанмен шекарадағы көлік кептелісіне қатысты пікір білдірді

Қырғыз-қазақ шекарасында қырғыз жағынан "Ақ-тілек" – "Қарасу" өткізу пунктінде жүк көлік құралдарының кептелісі байқалады. Бұл туралы Шекара қызметі мәлім етті.

 

"Жеміс көкөніс өнімдерін және жалпы Қазақстан арқылы жүктерді транзиттік өткізуімен байланысты маусымды кіретін жүк ағымының артуы негізгі себеп.

 

"Қарасу" өткізу пунктінің кіруге өткізім мүмкіндігі тәуілігіне 300 көлік құралдарын құрайды (биыл 19 қарашада 283 автомашина өткізілген)", - делінген хабарламада.

 

Қалыптасқан жағдайдың есебінен, Қырғыз Республикасының МҰҚК Шекара қызметімен тығыз өзара әрекеттестік ұйымдастырылғаны айтылды.

Еске салайық, таңертең қырғыз бұқаралық ақпарат құралдары шекаралық бақылаудан өтуға 500 жүк көлігі кезекте тұрғаны туралы хабарлады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру