присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде сақтап қалды

29 тамыз 2024 12:43
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде сақтап қалды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде сақтап қалды.

Ұлттық банктің хабарлауынша, шілдеде жылдық инфляция 8,6%-ға дейін өсті. Ол Ұлттық банк болжамы аясында қалыптасқан.

Айлық инфляция мен оның орнықты бөлігі едәуір қарқын алды. Дамыған елдердегі орталық банктердің тежеу саясаты нәтижесінде жаһандық инфляция баяулап келеді. Фискалдық ынталандыру көлемінің өсуі, тұрғын-үй коммуналдық қызметтерінің реформасы аясында тарифтер өсуінің жалғасуы, орнықты ішкі сұраныс, сондай-ақ жоғары инфляциялық күтулер есебінен экономикада проинфляциялық қысым күшейді, - деп хабарлады Ұлттық банк.

Келешекте инфляция бойынша 5%-дық мақсатқа жету ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын ұзақ уақыт бойы ұстап тұруды талап етеді. Тәуекелдер теңгерімі проинфляциялық жаққа ауып, 2024 жылдың соңына дейін базалық мөлшерлемені бүгінгідей деңгейде сақтау ықтималдығын арттыруға себепші болып отыр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру