Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді
Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.
Ақпаратқа сәйкес, бұл шешім жаңартылған болжамдар мен инфляция тәуекелдері балансының бағалауын ескере отырып қабылданған.
Қазақстанда жылдық инфляция қазанда 8,5%-ға дейін өсті. Бұл «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру аясында реттелетін қызметтердің айтарлықтай қымбаттауы мен теңгенің әлсіреуі салдарынан болып отыр. Оған қоса инфляцияның орнықты бөлігі де өсіп жатыр, – делінген Банк хабарламасында.
Сондай-ақ, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен нарықтық қызметтер құнының өсуі инфляцияның жеделдеуіне ықпал еткен. Қазанда халықтың инфляциялық күтулері төмендегенмен, құбылмалы болып қалып отыр.
Ұлттық банк мәліметінше, сыртқы инфляциялық қысым соңғы айларда артқан. Оған азық-түліктің әлемдік бағасының өсуі, Ресейдегі неғұрлым жоғары инфляция және айтарлықтай бағамдық ауытқулар себеп болып отыр.
Айырбастау бағамының әлсіреуі, инфляцияның өсуіне байланысты нақты мәндегі пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуі, сондай-ақ оның алдағы жылдарға болжамдарының артуы аясында жиынтық ақша-кредит шарттары жұмсарды. Қаржы нарықтарында өскен құбылмалылықпен бірге бұл базалық мөлшерлемені көтеруді қажет етті,– деп түсіндірді Банк өкілдері.
Қаржы және энергетика нарықтарындағы құбылмалылықты ескере отырып, Комитет инфляцияны орнықты баяулау траекториясына тезірек қайтару және 5%-дық таргетке жету үшін жақын арада шешім қабылдау кезінде ақша-кредит саясатын қосымша қатаңдату қажеттілігін мұқият бақылайтын болады.
Айта кетсек, бір ай бұрын Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде ұстап тұрған еді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ