присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Өскеменде 8,5 млн теңгенің электронды темекісі тәркіленді

05 қазан 2023 12:35
Өскеменде 8,5 млн теңгенің электронды темекісі тәркіленді

Өскеменде өткізілген жедел алдын алу іс-шарасы барысында құрамында никотині бар электронды темекі, вейп және басқа да бір реттік құрылғылар тәркіленді.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, өткізілген іс-шаралардың нәтижеcі бойынша 8,5 млн теңгенің 2 мыңға жуық құрылғысы тәркіленген. Материалдар сотқа жіберілді. Темекі өнімдері мен бірреттік электронды темекінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Дәрігерлердің зерттеулеріне сәйкес, вэйптер мен басқа құрылғыларды қолдану жасөспірімдердің денсаулығына, есте сақтау, өзін-өзі бақылауына және оқу қабілетіне зиянды әсер етеді. Ата-аналардан баланың мінез-құлқына, оның денсаулық жағдайына және сатып алуларына назар аударуды сұраймыз, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру