присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

1 млрд теңгеге жуық дизель отынын ұрлаған депо бастығы мен машинисіне сот үкімі шықты

22 тамыз 2024 11:08
1 млрд теңгеге жуық дизель отынын ұрлаған депо бастығы мен машинисіне сот үкімі шықты

Абай облысында локомотив депосының бастығы А.Смағұлов пен жылыту техникасы машинисі М.Мейрамғазин 2022 жылдың қаңтар-сәуірі аралығында тұтыну көлемін жасанды түрде ұлғайтып, 920 млн теңгеге дизель отынын заңсыз иемденген.

Сотта анықталғандай, айыпталушылар локомотивтерді пайдалану кезінде дизельдік отын шығынының ұлғаю себебін өңірдегі ауа райының келеңсіздігімен, нақты айтқанда қатты желмен түсіндірген. Олар осылайша 3 мың тоннадан астам жанармайды иемденіп үлгерді.

Сот үкімі бойынша депо басшысы Смағұлов 8 жылға, машинист Мейрамғазин 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуі де материалдық жауапты қызмет атқару құқығынан айырылды. Жоғарыда аталған залал сотталғандардан өндіріледі, – делінген прокуратура хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру