100 тапсырысты бір уақытта басқару: inDrive.Курьеры сервисінің веб-нұсқасы Қазақстандағы бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашты
inDrive көлік және қала қызметтерінің жаһандық платформасы Қазақстанда inDrive.Курьеры сервисінің веб-нұсқасын таныстырып, логистиканы басқаруда шағын және орта бизнеске (ШОБ) арналған мүмкіндіктерді айтарлықтай кеңейтті.
Жаңа веб-платформа пайдаланушыларға жеке кабинет арқылы бір уақытта 100-ге дейін тапсырысты басқаруға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстандағы ШОБ өкілдеріне логистиканы басқаруды икемді әрі ыңғайлы етеді.
inDrive.Курьеры сервисінің b2b клиенттік базасы тұрақты өсіп келеді. 2024 жылы Қазақстанда қызметтің бизнес-клиенттерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 42%-ға өсті. Оған интернет-дүкендерден бастап, азық-түлік дүкендері мен мейрамханалар, гүл сатушылар, автокөлік бөлшектерін сатушылар және басқа да кәсіп түрлерін қамтитын шағын және орта бизнес объектілері кіреді.
«Біз бизнес-клиенттерімізге қызмет көрсетуді жақсартудың жолдарын үнемі іздейміз, сондықтан курьерлік жеткізу қызметіміздің веб және мобильді нұсқаларын іске қостық, пайдаланушы интерфейсін бизнес-клиенттеріміздің қажеттіліктеріне бейімдедік. Бұл платформамызды ыңғайлы және қолдануды оңай етуі керек. Осы веб-платформаны алдағы уақытта бизнеске арналған өнім ретінде дамытып, тағы да көптеген функциялар қосуды жоспарлап отырмыз», – дейді Қазақстандағы inDrive.Курьеры қызметінің даму жөніндегі менеджері Анастасия Литвишкова.
Сервис ай сайын мыңдаған тапсырысты жеткізеді: азық-түлік өнімдерінен бастап, хат-хабарларға дейін кең ассортиментті қамтиды. Платформаның бірегейлігі бағаны икемді қалыптастыру жүйесінде, онда клиенттер жеткізу құнын өздері ұсына алады, ал курьерлерге келісу немесе өздеріне ұсыныс жасау мүмкіндігі беріледі.
Жаңа веб-нұсқа барлық мобильді қосымшаның функцияларын сақтайды, соның ішінде жеткізу түрін таңдау (жаяу, мотоциклмен немесе көлікпен), сәлемдеменің орналасқан жерін сол уақытта бақылау және қызмет сапасын бағалау.
https://couriers.indrive.com/kk
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ