присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

11,4 мың киік атылды – министрлік

14 қараша 2023 10:46
11,4 мың киік атылды – министрлік

Бүгінде Қазақстанда 11,4 мың киік атылды.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі елімізде нақты қанша киік атылғанын нақтылады

2023 жылғы 13 қарашадағы мәлімет бойынша, жалпы 15 380 киік ауланды. Оның ішінде 3 954 киік (Ақмола облысында 10 киік, Батыс Қазақстан облысында 3 944 киік) арнайы қоршауға алынып ұсталса, ату арқылы 11 426 киік (Ақмола облысында 1 833, Қарағанды облысында 2049, Қостанай облысында 1 479 және Батыс Қазақстан облысында 6065 бас) ауланды, - деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киік санын қолдан реттеу жоспары барын айтқан еді.

Биологиялық негіздеме бойынша, киік санын реттеудің екі тәсілі ұсынылды. Біріншісі – арнайы қоршауда ұстау, екіншісі – түнде ату, - деді ол.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі киік еті тек Қазақстанда сатылатынын айтқан-ды. Сондай-ақ оның мүйізін Қытайға сату жоспарланып отырғаны белгілі болды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру