присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

2 мыңнан астам кәсіпкерге 2,4 млрд теңге қайтарылады

27 қазан 2023 09:58
2 мыңнан астам кәсіпкерге 2,4 млрд теңге қайтарылады

Құқық қорғау қызметі аясында Бас көлік прокуратурасы бизнес субъектілерінің құқықтарына нұқсан келтіретін фактілерді анықтады.

Былтырдан бері қоршаған ортаның тазалығын сақтамаған кәсіпорын мен өндіріс орындарына айыппұл төлеу бойынша міндеттемелер өзгертіліп, кәсіпкерлердің жекелеген санаттары экологиялық төлемдерден босатылған еді.

Осыған қарамастан,  кәсіпкерлер тиісті төлемдерді төлеп отырған. Ал салық органдары олардың негізсіз шығындарын болдырмау мақсатында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген, – деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.

Мысалы, осындай төлемдерді төлеушілер санатына кірмейтін «№3 Sk автовокзал паркі» ЖШС мемлекеттік бюджетке 15 млн астам теңге төлеген. Сол сияқты басқа 2 203 кәсіпкер де бюджетке негізсіз 2,4 млрд теңгеден аса қаражатты аударған.

Көлік прокуратурасы органдарының араласуынан кейін ғана кәсіпкерлерге оларды осындай алымдарды төлеушілер тізімінен алып тастағандығы туралы мәлімет берілді.

Сонымен қатар көлік прокуратурасының актісі бойынша кәсіпкерлерге ақшалай қаражатты қайтару бойынша жұмыс басталып, 500 астам кәсіпкерге шамамен 30 млн теңге қайтарылды.

Мемлекеттік кірістер комитетіне салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпаратты бизнес қауымдастыққа тиімді жеткізу жөніндегі шараларды әзірлей отырып, осындай жағдайдың туындау себептерін талдау тапсырылды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру