присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

2 мың АЕК-ке дейін айыппұл: соңғы қоңырауда мұғалімдерге сыйлық жасауға болмайды

17 мамыр 2023 14:21
2 мың АЕК-ке дейін айыппұл: соңғы қоңырауда мұғалімдерге сыйлық жасауға болмайды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мұғалімдерді сыйлық алудан бас тартуға шақырып жатыр.

Департамент мәліметінше, жыл сайын мектептерде соңғы қоңыраулар, мектеп бітіру кештері және мұғалімдер мен мектеп директорларына қымбат сыйлықтар тарту болып тұрады. Бұл ретте ата-аналар қосымша шығындарды көтермеуі керек. Қазақстанда орта білім тегін беріледі. Барлық мектептерде алымдарға қатаң тыйым салынады.

Осыған қарамастан, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 1424 Call-орталығы арқылы мектептердегі алымдар фактілері бойынша 20-дан аса өтініш түсті. Бұл ретте ведомствода аталған заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік туралы еске салынған, - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетсек, мектеп директорлары үшін заңсыз материалдық сыйақы мен пара алу үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы үшін жауапкершілік шарасы – 600 АЕК көлеміндегі айыппұл (ҚР ӘҚБтК-нің 677-бабы), ал қылмыстық құқықбұзушылығы үшін мүлкі тәркілене отырып, пара сомасының 20 еселенген мөлшеріндегі айыппұлдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы (ҚР ҚК 366-бабы) көзделген.

Сондай-ақ мұғалімдерге құны 10 АЕК-тен асатын сыйлықтар беруге тыйым салынады. Өзге жағдайда 2 мың АЕК-ке дейін айыппұл түріндегі қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК 247-бабы) көзделген.

Егер ата-аналардан немесе қызметкерлерден ақша жинау фактілері, сондай-ақ басқа да сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат болса, 1424 Call-орталығына хабарласу шарт. Азаматтардың барлық өтініштері міндетті түрде қаралып, қажетті шаралар қабылданады.

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру