«30 пайызы қирауы мүмкін»: вице-министр Алматыдағы сейсмикалық ахуалды айтты
Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Алматының қай аудандары жер сілкінісі кезінде өте қауіпті екенін айтты.
Ол Алматы сейсмикалық қауіпті аймақтың бірі екенін атап өтті.
Алматы 27 қауіпті тектоникалық жарық аумағында орналасқан. Негізгісі – қаланың таулы аудандары. Басқаларға қарағанда, Түрксіб ауданы – барынша қауіпсіз, қалғандары (Медеу, Бостандық аудандары) плиталардың ажыраған тұсында орналасқан, сол себепті қауіп жоғары, - деді вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ ол жойқын жер сілкінісі болса, Алматыдағы ғимараттардың 30 пайызы қирап қалуы мүмкін екенін мәлімдеді.
«Қаланың 60-70 пайызы қирап қалады деген пікірмен келісе алмаймын. Бірақ болжам бойынша 9 және одан да көп балдық алапат жер сілкінісі кезінде ғимараттардың 30 пайызы қирауы мүмкін. Тиісінше, қандай шығын келетінін есептеу қажет», - деді ол.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ