5 млн теңге пара алған басқарма басшысы 7 жылға сотталды
Ақмола облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының бұрынғы басшысы Р.Бикенов пен облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы басшысының орынбасары И.Әкімоваға қатысты сот үкімі шықты, хабарлайды Taunews.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Көкшетау қалалық сотының үкімімен Р.Бикенов ҚР ҚК 28 - бабының 3 -бөлігі, 189- бабының 3- бөлігі 2,3 -бөлімшелері, 366-бабының 3 -бөлігі 3,4 -бөлімшелері бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сонымен қатар, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырылды», - деп жариялады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Р.Бикеновты ҚР «Құрмет» ордені мемлекеттік наградасы және «Ерең еңбегі үшін» медалінен айыру туралы ұсыныс жасалды.
«Ал, ҚР ҚК 189 -бабының 3 -бөлігі 2,3- бөлімшесі бойынша кінәлі деп танылған И.Әкімова 3 161 290 теңге көлемінде айыппұл салынды. Және оны өмір бойына мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырды», - деп толықтырды ведомстводан.
Еске сала кетейік, өткен жылдың қазан айында Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының бұрынғы басшысы Р.Бикенов 5 миллион 700 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ