присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Абай облысында 7 жасар бала құтқарылды

24 маусым 2024 17:34
Абай облысында 7 жасар бала құтқарылды

Бүгін Семейде ТЖМ 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Талғат Қоңқабаев пен Мират Бекетов Ертіс өзенінің жағалауын патрульдеу кезінде «Заря» жағажайының аумағынан 2017 жылы туған баланы құтқарды.

Анықталғандай, бала ересектердің қарауынсыз қалып, алыс қашықтыққа жүзіп, суға бата бастаған. Оны көрген Талғат Қоңқабаев көмекке асықты. Баланы жағаға шығарғаннан кейін қызметкерлер оны туыстарына берді. Балаға медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру