Абай облысында қос азаматтығы бар тұрғындар анықталды
Абай облысында полиция қос азаматтығы бар тұрғындарды анықтады.
Облыстық ПД көші-қон кызметінің мәліметінше, басқа елдің азаматтығын алмас бұрын Қазақстан азаматы азаматтықтан бас тартуы керек. Ол үшін З0 күн ішінде ішкі істер органдарына басқа елдің азаматтығын алу жоспарланып отырғанын айтып, Қазақстан паспорты мен жеке куәлігін тапсыру шарт.
Алайда Абай облысының кейбір тұрғындары бұл рәсімді елемеген. Биыл 8 айда Абай облысы ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері қос азаматтықпен жүрген он шақты адамды анықтады.
Мысалы, тамызда Бородулиха аудандық ПБ-нің көші-қон қызметі Бородулиха ауданының 54 жастағы тұрғынын анықтаған. Ол 2024 жылғы маусымда Ресей азаматтығын алған. Бірақ ол туралы көші-қон қызметіне хабарламаған және Қазақстан азаматтығынан бас тартуды уақытында рәсімдемеген.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ