присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Абай облысында сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберді

06 қараша 2023 16:36
Абай облысында сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберді

Абай облысында сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберді.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, оқиға Ақсуат ауданындағы жергілікті тұрғындардың бірінің үйінде болған. Полицейлер шөпті екі баланың өртеп жібергенін анықтады. Жергілікті мектеп оқушылары сіріңкемен ойнап отырып, кездейсоқ өрт қойып алған.

Шығын көлемі – 4 млн теңге. Балалар келтірген залалды олардың заңды өкілдері қалпына келтіруі керек. ҚР ҚК-нің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр, – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері егер балалардың қараусыз қалуы салдарынан өрт біреуге зиян келтіретін болса, онда ата-аналар бұл үшін заңда белгіленген тәртіппен жауап беретінін еске салды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру