Абай облысындағы төрт баланың қазасы: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Абай облысында төрт бала өрт салдарынан қайтыс болды. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 қазанда сағат 10:49-да төтенше жағдайлар қызметіне Аягөз қаласындағы жеке үйлердің бірінде түтін шыққаны туралы хабар түскен.
6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы дереу сол жерге барған.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бөлмелердің бірінде 20 шаршы метр жерде жиһаздар мен жеке заттары жанғаны анықталды. Өрт сағат 11:10-да оқшауланып, 11:24-ге толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында төрт баланың мәйіті табылды, - деп хабарлады облыс әкімдігі.
Өлімнің себебі анықталып жатыр. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ