Адам өлтірген қазақстандықтар Ресейде ұсталды
Республика бойынша 1-18 шілде аралығында Ішкі істер министрлігінің жедел қызметтері 97 қылмыскерді, оның ішінде 28-ін шет мемлекеттердің сұрауы бойынша ұстады. Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 115 адамның орналасқан жері анықталды.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Алматыда іздеуде жүрген өзбекстандық азамат ұсталған. Ер адам көрші мемлекеттің ветеринария және мал шаруашылығын дамыту комитеті бөлген 400 млн теңгеден астам субсидияны жымқырды деген күдікке ілінген.
Маңғыстау полицейлері Жаңаөзен тұрғынын ұрып-соққан бұзақыны ұстады. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторларына қамалды.
Сондай-ақ, Мәскеу облысының Химки қаласында ресейлік әріптестермен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде қазақстандық азаматтар ұсталды. Олар өткен жылдың қаңтарында Шымкентте жергілікті тұрғындарды ұрып-соққан. Жәбірленушілердің бірі алған жарақаттарынан көз жұмған. Аталмыш іс бойынша барлық күдіктілер ұсталды, – делінген полиция хабарламасында.
Бұған қоса, Санкт-Петербург қаласында 36 жастағы ер адам ұсталды. Ол 2019 жылы семейлік тұрғынды алдап, құны 50 млн теңге болатын бульдозерді иемденген.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының құзырлы органдары ұсталғандарды экстрадициялау туралы мәселені қарастырып жатыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ