Ақмола облысында балықшылар құтқарылды
Ақмола облысының тәртіп сақшылары суға батып бара жатқан балықшыларды құтқарды.
Polisia.kz мәліметінше, 20 тамызда сағат 18:20-да Целиноград ауданының полиция бөліміне су айдынында екі адамның суға батып бара жатқаны туралы ақпарат түсті. Сақшылар шақыртуды бірден қабылдап, оқиға орнына қарай дереу шықты.
Белгілі болғандай, балықшылар жергілікті тұрғындар емес. Олардың қай жерде екенін және қандай су айдыны туралы айтып жатқанын түсіну қиын болды. Тәртіп сақшылары межелі жерге жеткенше, басқа учаскелер арқылы үрлемелі қайық табуға шешім қабылдады. Қатты жаңбырдан кейінгі батпақты ескеріп, су қоймасына еш қиындықсыз жету үшін бірден Нива көлігін пайдаланды. Барлық жедел-құтқару жұмысына полицейлерге 15 минут қажет болды, – деп қосты ІІМ.
Оқиға орнына жеткенде сақшы екі адамды құтқару үшін еш ойланбастан суға секірді. Полиция қызметкері суға батқандарға тез жетіп, зардап шеккендерді қауіпсіз жерге шығарып, алғашқы көмек көрсетті. Содан кейін тәртіп сақшылары оларды жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Белгілі болғандай, бір ер адам суда құрыса бастап, салдарынан ол суға бата бастаған. Екіншісі оны құтқару үшін сүңгіп кеткен, бірақ оны үрей басқан. Осылайша, екеуі де судан шыға алмай қалған. Қазір олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Зардап шеккендер Қызылорда облысынан, елордаға досына келіп, балық ауламақ болған. Осылайша, полицейлер қайғылы оқиғаның алдын алды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ