присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

АҚШ мемлекеттік департаменті ата-аналарды «ана» және «әке» деп атауға тыйым салды

26 ақпан 2024 11:22
АҚШ мемлекеттік департаменті ата-аналарды «ана» және «әке» деп атауға тыйым салды

АҚШ мемлекеттік департаменті ақпаннан бастап ресми құжаттамада «ана» мен «әке» сөздерін қолданбайды. Оның орнына құжаттарда «№1 ата-ана» және «№2 ата-ана» көрсетіледі.

Ақпараттық агенттіктің мәліметінше, мемлекеттік департамент мұндай қадамға баруын «әке», «ана» ұғымдарын пайдалана отырып бөлу заман талабына сай емес, ескірген түсінік екендігімен түсіндіреді.

Айта кетсек, АҚШ-та жыл сайын кішкентай балалар тәрбиеленетін біржынысты отбасылардың саны артып келеді.

АҚШ билігі қазір біржынысты отбасыларда тәрбиеленетін балалардың құжаттарында бірден екі әкесі немесе екі анасы болмайтынын атап өтті.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру