присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ақтөбеде алаяқ зейнетақы қорынан ақша алуға «көмектесумен» айналысқан

03 қыркүйек 2024 09:55
Ақтөбеде алаяқ зейнетақы қорынан ақша алуға «көмектесумен» айналысқан

Ақтөбе облысында 8 тұрғынды сан соқтырған алаяқ қолға түсті.

Polisia.kz мәліметінше, тәртіп сақшылары өңірдің 8 тұрғынын алдаған күдіктіні ұстады. Облыс тұрғындары полицияға зейнетақы қорынан ақша алуға көмек көрсетуге уәде берген әйелге қатысты арызданды.

Күдікті әйел белгілі бір сыйақыға зейнетақы қорынан ақша алып беруге уәде берген. Жәбірленушілер оған 250 мыңнан 350 мың теңгеге дейінгі сомада ақша аударған. Күдікті барлығы сегіз адамды алдаған, – делінген ақпаратта.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, заңсыз әрекеттерден зардап шеккендердің бар-жоғы анықталып жатыр. 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру