присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ақтауда 2 шетелдіктің ішінен 30-дан аса контейнер есірткі табылды

05 наурыз 2024 10:19
Ақтауда 2 шетелдіктің ішінен 30-дан аса контейнер есірткі табылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанға есірткі жеткізудің «жұтқыштар» деп аталатын кезекті контрабандалық арнасының жолын кесті.

21 ақпанда Ақтау қаласы халықаралық әуежайында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД жедел уәкілдері мен шекарашылар ЭТД қызметкерлерімен өзара әрекеттесе отырып, есірткі тасымалдау күдігі бойынша екі шетелдік азаматты ұстады.

Рентгеноскопиялық зерттеу олардың іштерінде бөгде заттардың барын көрсетті. Арнайы медициналық процедуралармен шетелдіктердің азқазанынан героин және синтеикалық есірткі бар 30-дан астам контейнер алынды. Алынған заттардың жалпы салмағы шамамен 1 келі болды.

Сот шешімімен қылмыскерлерді қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру