Ақтауда көпқабатты үйдің маңдайшасы құлап, 1 адам қаза тапты
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдегі кіреберістің маңдайшасы опырылып түсіп, салдарынан 1 адам қаза тапты.
Қайғылы оқиға Ақтау қаласының 9-шағын ауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, кіреберістің маңдайшасы құлап, салдарынан ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Зардап шеккен тағы 2 адам ауруханаға жеткізілді.
Бір ер адамды құтқару мүмкін болмады, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы екеуі ауруханаға жатқызылды, – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ зардап шеккендердің екеуі қазір медициналық тексеруден өтіп жатқаны белгілі болды. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.
Қайтыс болған адам мен зардап шеккендердің мердігер компанияның жұмысшылары екені анықталды. Қайғылы оқиға олардың маңдайшаны бөлшектеп жатқан кезінде болған.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ