присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ақтаулықтар Түркияға 1 тонна киім дайындады

09 ақпан 2023 16:53
Ақтаулықтар Түркияға 1 тонна киім дайындады

Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласының тұрғындары Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге көмек ретінде 1 тонна киім-кешек дайындап қойды. Бұл туралы қоғам белсендісі Амандық Әмірхамзин айтты.

Ол сонымен бірге Астана қаласы тұрғындарының 400 келі киім дайындағанын, ал еліміз бойынша қарапайым халықтың 90 мың АҚШ доллары көлемінде ақша жинағанын атап өтті. Айтуынша, түркі елдерінің ішінде Қазақстан көмекке құтқарушылары жіберілгендер саны бойынша Әзербайжаннан кейін екінші орынға шығып тұр.

Әрине, Әзербайжан – Түркиямен шекаралас, бір табан жақын. Дегенмен Қазақстан да елшілігін алғашқы ашқан ел ретінде, жалпы бауырлас мемлекеттің басына іс түскенде аянып қалып жатқан жоқ. Мемлекетіміз 1 млн доллар бөлді. Қарапайым халық кеше 90 мың доллар жинаған. Қазіргі уақытта одан да көп болуы мүмкін. Түркиядағы Қазақстан азаматтары мен онда бұрыннан бері тұрып келе жатқан этникалық қазақтар да қаражат жинап, киім-кешектен бастап, гигиеналық заттарға дейін жіберіп жатыр. Дегенмен қазір ең керегі – жылы шатырлар. Ал өз еліміздегі еріктілер 100 киіз үй жөнелтеміз деп отыр. Бізден қырғыз ағайындар да қалысып жатқан жоқ. Айыр қалпақты біртуғандар да киіз үйлер жібереміз деп отыр, –  деді ол.

Қоғам белсендісі елімізге жер сілкінісі қайталануы мүмкін Түркияның Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык өлкелерінен 44 отандасымыздың, Қырғызстанның 22  азаматының оралғанын да айтты.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру