присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ақтөбе облысында 122 шетелдік азамат елден шығарылды

07 маусым 2023 16:11
Ақтөбе облысында 122 шетелдік азамат елден шығарылды

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 122 шетелдік азамат елден шығарылды.

Мамыр айында Ақтөбе облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі облыс аумағында өздерінің жеке басын анықтайтын құжатсыз, ел аумағында заңсыз жүрген және заңсыз жұмыс істеген 122 шетел азаматын анықтаған. Оның ішінде 40 шетелдік сот қаулысының негізінде әкімшілік жолмен ел аумағынан шығарылды.

Жалпы, облыс аумағында жыл басынан бастап көші-қон заңнамасын бұзған 457 шетелдік ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 122-сі ел аумағынан шығарылған.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру