Ақтөбе облысында жемқорлардан өтелген қаражат мектеп салуға жұмсалады
Ақтөбе облысында жемқорлық қылмысына барғаны үшін кінәлі деп танылған лауазымды тұлғалар 197 миллион теңге сомасында мемлекетке келтірілген залалды өтеді.
Облыс әкімдігінің келісімі бойынша, Мұғалжар ауданына қарасты Құмжарған ауылындағы мектеп құрылысын аяқтауға өндірілген соманы пайдалану туралы шешім қабылданып, нысан проблемалы деп танылған.
Құмжарған ауылында мектеп 2019 жылдың қаңтар айында ашылып, ескі мектепте (1974 жылы салынған) оқыған 54 отбасынан шыққан балалардың мәселесін шешу жоспарланған.
Алайда, мердігер компанияның міндеттемелерін орындамауына және немқұрайлығына байланысты мектеп жұмысы іске қосылмаған.
Қазір нысанға жаңа мердігер тартылып, оны аяқтау үшін 150 миллион теңге бөлінеді.
Өтелген ақшалай қаражаттың бір бөлігі Ақтөбе қаласының аумағында еліміздегі ең ірі workout алаңдарының бірін салу үшін пайдаланылады. Бұл балалар арасындағы бұқаралық спорттың дамуына серпін бермек.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Президенттің жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша өтелген ақшалай қаражатқа мектеп салу туралы тапсырмасын орындау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ