Ақтөбеде адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр
Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.
Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша ұжымдарына қауіп төнді.
Қызметкерлер 95 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Оның 40-ы – бала. Қазіргі уақытта эвакуация жалғасып жатыр. Бұл жұмысқа 66/55 әскери бөлімінің сарбаздары да жұмылдырылды, - деп жазылған хабарламада.
№6655 әскери бөлімінің штаб басшысы Дәурен Жағыпаров аталған аудандардағы төтенше жағдайдың салдарын жоюға сарбаздар жұмылдырылғанын атап өтті.
«Әскери қызметшілер су жолындағы көшелер мен аулаларды топырақ пен құм салынған қаптармен күшейтті. Сонымен қатар су басқан тұрғын үйлердің аулалары мен жолдарды тазартты. Біз кез келген көмекке әркез дайынбыз», - деді ол.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ