Ақтөбеде синтетикалық есірткі жеткізу арнасы анықталды
Ақтөбе облысында синтетикалық есірткі жеткізудің арнасы анықталды.
15 сәуірде Ақтөбе облысы ПД ЕБҚІҚБ қызметкерлері ІІМ ЕБҚІҚД-мен бірге жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Алға ауданы Маржанбұлақ ауылының кіреберісінде 39 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Mazda-626 автокөлігін тексеру барысында ішінде ұнтақ заты бар 3 полиэтилен пакеті табылды. Ұсталған адамның тұратын жерінен тағы бірнеше полиэтилен орамы және 100 zip-пакет алынған.
Сондай-ақ Жаңақоныс ауылында есірткі жасырған орын анықталып, онда ұнтақ заты бар орама алынған. Жалпы салмағы 2 келіден аса синтетикалық есірткі тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігімен және 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті ҚПК 128-бабының тәртібіне сәйкес ұсталды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ