АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫ ЕЛІМІЗДЕГІ ЖО¬ҒА¬РЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ РЕЙТИНГІН ЖАРИЯЛАДЫ
Академиялық адалдық лигасы еліміздегі жоғары оқу орындарының рейтингін жариялады. Бұл рейтинг білім беру бағдарламаларының тиімділік көрсеткіштеріне негізделген.
Биылғы жылдың топ-10 ЖОО төмендегідей:
1. Нархоз университеті - 91,18%;
2. Maqsut Narikbayev University - 90,28%;
3. КИМЭП Университеті - 90,16%;
4. Қазақстан-Британ техникалық университеті - 85,93%;
5. С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті - 78,84%;
6. Astana IT University – 78,04%;
7. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - 76,78%;
8. Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті - 76,17%;
9. Сүлейман Демирел атындағы Университет - 74,27%;
10. Қазақстан - Германия университеті - 71,28%.
ЖОО-дың рейтингтегі орны - оның білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. Тиімділік пайызын есептеу кезінде ұқсас бағдарламаларды ұсынатын басқа оқу орындарының санын ескере отырып, оның білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін айқындайды. Айта кету керек, рейтингтегі алғашқы ондықтағы 7 ЖОО - жекеменшік университеттер, бұл Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінде салауатты бәсекелестіктің бар екендігін айқындайды.
ЖОО позицияларын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Лига жариялаған рейтинг мынадай формула бойынша жүргізіледі: түлектердің орташа жалақысы, жұмысқа орналасу деңгейі және жұмыс іздеу ұзақтығы сияқты объективті көрсеткіштерді қамтиды, сонымен қатар сараптамалық бағасы мен мансаптық перспективаларын бағалау ескеріледі. Рейтингті анықтау үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынатын университеттік оқу бағдарламаларының сапасы туралы ресми ақпарат пайдаланылады. Ақпаратты «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жинап, өңдейді.
Рейтинг нәтижелері ақпараттық-талдамалық дашборд форматында ұсынылған. Оның көмегімен талапкер рейтингтегі жоғары оқу орындарының позицияларымен танысып қана қоймай, сондай-қа орташа жалақы, жұмысқа орналасудың орташа деңгейі және түлектердің жұмыс іздеу ұзақтығы бойынша жоғары оқу орындарының нақты білім беру бағдарламаларын салыстыра алады. Бұл университет пен мамандықты таңдау кезінде дұрыс шешімді қабылдауға көмектеседі.
Рейтинг нәтижелері ашық және кез келген қазақстандық ЖОО оны өзінің ресми веб сайтында орналастыра алады:
Соңғы үш жылдағы рейтинг нәтижелерімен Академиялық адалдық лигасының ресми сайтында танысуға болады: https://adaldyq.kz/about-the-league/analitika-i-rejtingi
Айта кету керек, академиялық адалдық Лигасына 17 қазақстандық ЖОО мүше. Лиганың мақсаты академиялық адалдықтың негізгі қағидаттарын ілгерілету және елдегі білім беру сапасын арттыру.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ