Алматы іргесіндегі ауылда 10 жастағы қыз жұмбақ жағдайда қайтыс болды
Алматы іргесіндегі Қошмамбет ауылында мектепке кеткен 10 жастағы оқушы көз жұмған.
Мектепке ауырмай кеткен, бойында дерті болмаған жасөспірімнің неден қайтыс болғаны жұмбақ күйінде қалып отыр.
Сабақ үстінде «ішім ауырды» деп құлаған қыз сәлден кейін есін жоғалтып, жан тапсырған. Мектеп әкімшілігі оның өліміне себепкер деп жедел жәрдемді кінәлайды.
Апайы хабарласты. «Тез жетпесеңіз болмайды» деді. «Не болды?» деп едім, «Мөлдір ұстамасы ұстап, құлап қалды» деді, - дейді марқұмның апасы Гүлбахар Далдабайқызы.
Қазір 10 жастағы қыздың отбасы ақша мен көмектен бас тартып отыр. Олардың айтуынша, кінәлілер жазаланса болғаны.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ