присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Алматы облысында 100 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

21 ақпан 2024 09:59
Алматы облысында 100 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

Алматы облысында арнайы операция кезінде есірткі зертханасы жойылды.

17 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы облысы ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Іле ауданының ПБ қызметкерлерімен бірлесіп, Қосөзен ауылының аумағында синтетикалық есірткі өндіретін зертхананы анықтады. Аталған дерек бойынша есірткі құралдарын заңсыз дайындау ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Арнайы операция кезінде 33 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тұрғын үй-жайларын тінту нәтижесінде ақ түсті, ерекше иісі бар ұнтақ зат салынған полиэтилен пакет тәркіленді. Сараптамалық тексерулердің нәтижелері бойынша алынған зат жалпы салмағы 3 келі 840 грамм болатын мефедрон болып шықты.

Осылайша, полицейлер қара нарықта құны шамамен 100 миллион теңге болатын есірткінің 1 500 бір реттік дозасын таратуға жол бермеді. Сонымен қатар 40 дана шыны ыдыс, химиялық сұйықтығы бар 7 канистр және есірткі дайындауға арналған басқа да құрылғылар тәркіленді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру