присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Алматы облысында ауылдағы көшелер мен үйлердің ауласын су басты

06 наурыз 2023 15:52
Алматы облысында ауылдағы көшелер мен үйлердің ауласын су басты

Шеңгелді ауылдық округінің Ақөзек ауылында көше мен үйлердің аулаларын су басты.

Алматы облысы ТЖД-ның мәліметінше, 5 наурызда сағат 18:46-да Шеңгелді ауылдық округінің Ақөзек ауылында температураның жоғарылауына (+12 градус) және Ақөзек ауылының солтүстік бөлігінен ауыл ішімен өтетін сай-саламен таулардың баурайынан еріген қар суының ағуына байланысты және Қонаев қаласы Ақөзек ауылынан оңтүстікке қарай құрғақ арнадағы су деңгейі көтерілгендіктен, құбырлы өткелдер судың мол көлеміне төтеп бере алмаған. Соның салдарынан көшелер мен жеке тұрғын үйлердің 6 ауласының су астында қалғаны туралы хабарлама келіп түскен. ТЖД және жергілікті атқарушы органдарының күштері мен инженерлік техникасын (3 экскаватор және 2 тиегіш) пайдалана отырып, қолда бар құбырлы өткелдерге параллель қосымша төгу арналарын төсеу әдісімен еріген суды бұру бойынша жұмыстар жүргізілді.

ТЖД-ның 10 қызметкері, 2 техникасы, 2 мотопомпасы және жергілікті атқарушы органдардың 5 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Бүгін 7:00-де су ағыны төмендеді, елді мекендер арқылы су транзиттік режимде өтіп жатыр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру