присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Алматы облысында жер иелері мемлекетке 1,5 млрд теңге төлемеген

17 маусым 2024 11:54
Алматы облысында жер иелері мемлекетке 1,5 млрд теңге төлемеген

Алматы облысының прокуратурасы жер иелерінің учаскелерді пайдалану мақсатын өзгерткені үшін 1,5 млрд теңгені төлемеу деректерін анықтады.

Заң бойынша, мұндай әрекеттерді жасаған кезде жер учаскесінің иесі оның кадастрлық құнын төлеуге міндетті. Облыс бойынша осындай 100-ден астам жер иелері анықталды.

Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша бүгінде бюджетке 236 млн теңге қайтарылып, қалған ақша өндіріліп жатыр.

Сонымен қатар облыс прокуратурасының қадағалау актісі бойынша биыл 2,5 млрд теңге тұратын, аумағы 12,5 мың гектар пайдаланылмаған 155 жер учаскесі қайтарылды.

Мысалы, 2020 жылы Қонаев қаласында бір кәсіпорынға гидроэлектростанция салу үшін аумағы 500 гектар 5 жер учаскесі берілді. Алайда құрылыс осы күнге дейін басталмаған. Тағы бір мысалда, Іле ауданында Solid Cristal ЖШС-ға 339 млн теңге тұратын 38 гектар учаске берілді. Ол 6 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылмаған, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша 1 млн гектарға жуық пайдаланылмаған жер учаскелерін қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру