Алматы полициясы Мухоряповтың әрекетін тексеріп жатыр – Бас прокуратура
Қазақстандық кәсіпкер, Choco холдингінің басшысы Рамиль Мухоряповтың Ресейден көшіп келгендермен кездесуінде қазақ тіліне қатысты айтқан сөзі әлеуметтік желіде дау туғызды.
Желіде тараған видеода кәсіпкер жиындардың бірінде шетелден келіп жатқан ресейліктерге оларды түсіне тұра қазақ тілінде жауап беру «біртүрлі және бұл ұлтшылдықтың белгісі» екенін айтады.
Еске салайық, жуырда Мәжілістегі «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы (19 депутат) қазақ тіліне қатысты даулы мәлімдеме жасаған кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың үстінен Бас прокурор Берік Асыловқа шағым түсірді. Олар Қазақстанның мемлекеттік тілінде сөйлеудің «мәдениетсіздік» екенін айтып, қоғамда дау туғызған Рамиль Мухоряповқа заң аясында шара қолдануды сұрады.
Бүгін Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың әрекетін полиция тексеріп жатқанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Менің білуімше, Рамиль Мухоряповтың әрекетін Алматы қаласы полиция департаменті тексеріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың қорытындысы бойынша оның әретіне баға беріледі, - деді Әсет Шындалиев Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ