Алматыда ғалымдар табиғи жемшөп қоспаларын жасап шығарды
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Юрий Балджидің жетекшілігімен ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарға арналған байытылған экструдталған құрама жем және жем-шөп қоспалары әзірленді.
Жобаны Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым қоры қолдады.
Байытылған экструдталған құрама жемдер мен жем-шөп қоспаларын пайдалану ас қорыту процестеріне, метаболизмге және жануарлар мен құстардың жалпы денсаулығына оң әсер етеді. BioFeed-P фитобиотикалық жем-шөп қоспасын қолдану тауықтардың санын барынша сақтауға мүмкіндік береді, – деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.
BioFeed сериялы экструдталған байытылған жем ет, сүт және жұмыртқа өнімділігінің жоғарылауына алып келеді. Қойлардың орташа тәуліктік салмағы 0,2-ден 0,5 келіге дейін, бордақылау бұқаларынікі 1,580 келіге дейін (+35-40%) барады. Ешкілердің сүті 34,2% көбейеді. Бұл ретте май мөлшері 4,7%, СОМО 3,4%, тығыздығы 10,2%, лактоза 4,4% артады.
Маститпен ауыратын сиырларда экструдталған жем-шөп қоспаларын беру кезінде сүт өнімділігі деңгейінің азаюы – 5,4%, бақылау тобында – 33,7%, қалпына келтіру пайызы – 4 есе жоғары. Ал бөдененің жұмыртқа өнімділігі 4,1% артады.
NFT-KATU ЖШС-нің шығарылатын өнім желісі биожолақтар түріндегі аралар варроатозымен күресуге арналған препараттарды қосу, иттерге арналған азық-түлік, ал болашақта мысықтарға және балықтардың бағалы тұқымдарына арналған азық-түлік дайындау арқылы кеңейді.
Алдағы уақытта фермерлер байытылған экструдталған құрама жемге қызығушылық танытып отыр. Қазір өнімдер нарықта сәтті сатылып жатыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ